Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тағы бір халықаралық теміржол қатынасы іске қосылады

Елімізде тағы бір халықаралық теміржол қатынасы іске қосылады

Қазақстан мен Ресей Федерациясының Көлік министрліктері «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.

Айта кетейік, «Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады.

«Жоғарыда аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған», делінген ведомство хабарламасында.
30 қыркүйек 2024 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930