Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ КЕНТ ІШІНДЕГІ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ КЕНТ ІШІНДЕГІ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Сейсенбі күні Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков кенттегі Жайлыбаев, И.Әзімхан, Ш.Бәкіров, Шәкәрім, Д.Нүрпейісова, Амангелді көшелерін аралап, тұрғындарының ой-пікірлері мен ұсыныстарына құлақ асты.
Алдымен, аудан басшысы емхана орналасқан Жайлыбаев көшесіне барып, емхана басшылығына бетон кедергілерді алып, көлік тұрағына орын белгілеуді тапсырды. Мұнан соң, Исмаил Әзімхан көшесіндегі көпірдің қоршаулары сын көтермейтіндігін, көше айналасындағы қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Сондай-ақ, Айтбай Насриддинұлы Шиелі кентінің теріске бетіндегі бірқатар көшелерді жаяу аралап, иесіз қаңырап тұрған қоймаларды алып, жауапты бөлім басшыларына орнына балалар ойын алаңдарын салу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Көше тұрғындары да аудан басшысына өз ұсыныстарын жеткізіп, түйіткілді мәселелерімен бөлісті.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
27 қыркүйек 2024 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930