Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Камбоджамен таныс бол: қазан айынан бастап Қазақстаннан жаңа рейстер

Камбоджамен таныс бол: қазан айынан бастап Қазақстаннан жаңа рейстер

2024 жылдың 24 қазанынан бастап SCAT Оңтүстік-Шығыс Азияның ең көрікті жерлерінің бірі — Камбоджаға жаңа бағыт ашуда. Туристер Алматыдан ғажайып курорттың қардай аппақ жағажайлары мен жарқын теңіз көріністеріне саяхат жасай алады. Ал 29 қазаннан бастап мұндай рейстер Астанадан да орындала бастайды. Бұл қазақстандықтар үшін ежелгі тарих пен қазіргі заманның жайлылығы үйлесімді тоғысатын елдің атмосферасына шолудың бірегей мүмкіндігі.
Қазақстандық туристерді Камбоджаның ең танымал курорттарының бірі — Сиануквиллдың әуежайы қабылдайды. Тынық мұхиты жағалауындағы бұл жайлы жер өзінің аппақ жағажайларымен, әсем теңіз көріністерімен және таңғажайып жылы климатымен танымал. Сиануквилл ұзақ уақыт бойы қаланың қарбаласынан қашуды, уақыт баяулап, табиғат өзінің таза сұлулығымен таңғалдыратын әлемге енуді армандайтындар үшін қажылық орнына айналды.
Камбоджа – тарихқа қызығушылық танытатын туристер үшін жұмақ. Бұл ел кхмер империяларының бұрынғы даңқын еске түсіретін ежелгі храмдарымен танымал. Мұнда әрбір тас тарихқа, ал әрбір ғибадатхана жұмбаққа толы. Сиануквилл мен оның айналасында сирек кездесетін жануарларды көруге, таулар мен ормандардың көріністерін тамашалауға және бірегей кхмер мәдениетін сезінуге арналған ұлттық саябақтарға қызықты экскурсиялар бар.

Камбоджаға турлар саяхатшылар үшін ыңғайлы да жайлы жағдайларды ұсынады. Жағажайда демалуды қаласаңыз да, жаңа жерлерді белсенді түрде зерттеуді қаласаңыз да, Камбоджа сізге – есіңізде көптеген жылдар бойы қалатын сәттер мен тәжірибелерді сыйлайды.

Камбоджа – армандар жанданатын жер. Экзотикалық әлемге еніп, таңғажайып табиғат пен тарихи мұрадан ләззат алып, үйге жарқын эмоциялармен оралыңыз. SCAT әуе компаниясымен бірге бұл таңғажайып өлкемен таныс болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Ал турларды дәл қазір қалаңыздың кез келген туристік агенттігінде немесе sundayairlines.kz сайтында брондаңыз.

SCAT әуе компаниясы ұсынған материал
Фото: nashaplaneta.net

12 қыркүйек 2024 ж. 64 0