Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері мыңнан астам малды пойыз қағып кеткен

Жыл басынан бері мыңнан астам малды пойыз қағып кеткен

Оның ішінде 355 бас жылқы, 191 сиыр, 28 ұсақ мал бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
31 тамыз күні 31 тамызда Жетісу облысының Быжы – Бахша аралығында 8 бас жылқы пойыз астына түскен. Дәл сол күні Сарыөзек – Үштөбе жолында 3 жылқыны пойыз қаққан. Мал иелері анықталып, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұдайы жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтарға әлі де жол беріліп келеді.

«Теміржол арқылы өту тек өткелдерде, жол өтпелерінде және арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етілгенін тағы да еске саламыз. Дегенмен қараңғы, тұманды, нөсер жаңбыр және боранды күндері, тіпті ол жерлерден де өтуге тыйым салынады», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Фото: istockphoto.com

05 қыркүйек 2024 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31