Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді азық-түлік бағасын шарықтатқандар қатаң жазаланады

Енді азық-түлік бағасын шарықтатқандар қатаң жазаланады

Сауда және интеграция министрлігі ӘҚБтК-ке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін асырғаны үшін бизнес өкілдеріне әкімшілік жазаны қатаңдату жөнінде түзету әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова 3 қыркүйекте өткен ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте өзгерістер жобасы бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілгенін, құжат жақында Мәжіліске жіберілетінін айтты.

«Қолданыстағы Заң бойынша әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне 15%-дан артық үстеме қосуға болмайды. Кәсіпкердің заңды бұзғаны анықталған жағдайда, бірінші жолы ескерту беріледі. Өзгерістер осы ескертуді 5-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлға ауыстыруды көздейді», деді Айжан Бижанова.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін асырғаны үшін 2023 жылдың 8 айында 760 қаулы, ал 2024 жылдың басынан бастап 29 тамызға дейін 11,8 млн теңге сомасына 2 807 әкімшілік қаулы шығарылған, бұл былтырғыдан 4 есеге көбейгенін білдіреді.

Фото: kazgazeta.kz
04 қыркүйек 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31