Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тұңғыш рет 100 күйші бір мезетте «Ортеке» күйін орындады

Елімізде тұңғыш рет 100 күйші бір мезетте «Ортеке» күйін орындады

Елімізде тұңғыш рет 100 күйші бір мезетте «Ортеке» күйін орындадыПавлодар қаласында Конституция мерекесіне орай, сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында еліміз бойынша алғаш рет 100 күйші бір мезетте «Ортеке» күйін орындады.  Рекорд Павлодар қаласы, Орталық жағалау, «Ertis Promenade» сахнасында 30 тамыз күні орындалды. Қазақстан рекордын орнатуға қаладағы «Музыкалық колледж дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені, Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының өнерпаздары қатысты.  
 - Күйшілік өнерде жүрген шебер домбырашылар «Ортекені» көнеден бері шебер билете білген. Екінші жағынан балаларға арналған шығармаларды дәріптеу үшін таптырмас өнер түрі. Халқымыздың табиғатқа жақындығын, жабайы жануарларға деген қамқорлығын танытатын ерекшелігі де бар. Білім беру ұйымдары өнерлі балалардың басын қосып, ортекелерді билете отырып, «Қаражорға», «Салкүрең», «Секіртпе» күйлерін сахнада сәтті орындап шықты, - дейді дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешенінің басшысы Серік Қасымханов. 
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов павлодарлықтарды жаңа рекордпен құттықтап, аталған оқу орындарының өкілдеріне сертификаттар табыс етті. Ортеке– қазақтың халық биі. Оның қуыршақ теке, жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері бар. Біріншісінде үстел үстіне орнатылған қуыршақ-текенің аяғы, мойны, денесі қозғалмалы етіп жасалады да, жіңішке жіптер арқылы домбырашының саусақтарына байланады. «Ортеке» - күйшілік өнердегі тартымдылық әрі көрнекілік үшін қолданылатын жанр.
01 қыркүйек 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930