Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында шоу көрсетіледі

Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында шоу көрсетіледі

Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында шоу көрсетіледіТелемұнараның медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады. 

Бүгін Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасында Конституция күніне орай сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Телемұнараның медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады.
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, телемұнараны жарықтандыру қаланың жарқын безендірілуіне айналады, сәулеттік келбетін жақсартады және туристер мен мегаполис тұрғындарын қызықтыратын орталыққа айналады.
Телемұнараға жарық беру мынадай кесте бойынша жұмыс істейді: 
  • күн сайын сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады. 
  • 2:00-ден 5:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды. 
  • мереке күндері 21:00-ден 2:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады.
  • сағат 2:00-ден 5:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады. 
Телемұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLS-H прожекторларымен, сондай-ақ құрылымның 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED модульдері бар жарық желілерінің медиа қасбетімен жабдықталған.
30 тамыз 2024 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9238)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30