Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел дүниеге келді

"Ота жасаған және жалпы №1 перинатальдық орталығының акушерлік блогына алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық", - деді үшемнің анасы.
Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі егіздер, үшемдер, төртемдер туралы ақпаратты ұсынды:
- 2019-2024 жылдары елімізде 48549, биыл 4585 егіз дүниеге келді;
- 2019-2024 жылдары елімізде 664, биыл 89 үшем дүниеге келді;
- 2019-2024 жылдары елімізде 8 төртем бар дүниеге келді. Биыл төртемдер дүниеге келген жоқ.