Көлік инфрақұрылымын дамытуға 568 млрд теңге бөлінеді

«Көлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 568 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, 18 мың шақырымнан астам жолды күтіп ұстау, мемлекеттік кепілдік берілетін қарыздар есебінен республикалық маңызы бар автожолдарының 10 жобасы реконструкцияланып, 7 292 бірлік мөлшерінде теміржол вагондарының жылжымалы құрамы паркі жаңартылады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар ШОБ-ты қолдау үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер бойынша қабылданған міндеттемелерді өтеуге, операторлық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге және сауықтыруға сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен 204 млрд теңге бөлінетіні атап өтілді.
Фото:Ашық дереккөз