Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ақылы жолдар саны артады

Қазақстанда ақылы жолдар саны артады

Көлік министрлігі елдегі бірнеше республикалық жолдарды ақылы негізге ауыстыру бойынша ұсыныс жобасын «Ашық НҚА» порталына енгізгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Бұл қатарда Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Шу, Қандыағаш-Мақат, Қарағанды айналма жолы, Тараз айналмалы жолы, Үшарал – Достық жол учаскелері бар.  Министрлік мәліметінше, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталмақ.  Ведомоство осы ұсынысты жария талқылауға қатысып, «Ашық НҚА» порталында пікір білдіруге болатынын хабарлады. 
26 тамыз 2024 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031