Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды»: Желіде жалған ақпарат тарады

«15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды»: Желіде жалған ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқиды және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды»: Желіде жалған ақпарат тарады
«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі», делінген хабарламада.

Қаулымен толығырақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/708046?lang=kk

Фото: Ашық дереккөз
23 тамыз 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031