Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша ауруын вакцинациямен бірге тоқтатамыз

Қызылша ауруын вакцинациямен бірге тоқтатамыз


Фото: amp.politeka.net

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Республикада қызылшаның өршуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 7 қаулысы шығарылды.

Қаулы негізінде қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (бұдан әрі – ҚЖИ) келесі топтарға жүргізілуде: 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, қызылшаға қарсы вакцинациялау мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммунизациясы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері вакцинацияланатын адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) жазбаша түрде ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.


Ауданымызда қызылша ауруымен 240 жағдай тіркеліп, эпидемиодлогиялық ахуал тұрақсызданып тұр. Соңғы екі аптада  жоспарланған 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы 932 баланың 850-і, 2-4 жас аралығындағы 5858 баланың 3535-і, медицина қызметкерлері 152 болса, оның 150 қызылшаға қарсы қосымша вакцина егілді. Жалпы вакцинацияланатын адамдардың   62,1 пайызы вакцина алған. Қызылша ауруын – вакцинация арқылы тоқтатуға бұл көрсеткіш аз. Сол себебті көрсетілген жастағы баларыңызды қызылшаға қарсы вакцина егтіруге асығыздар. Қызылша ауруын – вакцинация арқылы тоқтатуға болады. Қосымша жалпы иммунизация аймақтың барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде тегін жүргізіледі.Қызылшаны вакцинациямен бірге тоқтатамыз

Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы Н.Оспанов
20 желтоқсан 2023 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30