Қазақстанда банк, ақша айырбастау пункті мен ломбардтардың жұмыс режимі өзгерді

Бұйрыққа сәйкес мына нысандардың жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:
- Екінші деңгейдегі банктер, ҚР бейрезидентбанктерінің филиалдары;
- Шетел валютасымен айырбастау пункттері;
- Ипотекалық ұйымдар;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары;
- Сақтандыру брокерлері, ҚР бейрезидентсақтандыру брокерлерінің филиалдары;
- Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
- Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар;
- Төлем ұйымдары
- Коллекторлық агенттіктер
«Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес мыналарға жататын аймақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілер:
- «қызыл» аймаққа – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40 пайыз қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60 пайыз қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
- «сары» және «жасыл» аймақтарға – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30 пайыз қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50 пайыз қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін.