Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмысы әшкереленді

Ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмысы әшкереленді

Ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмысы әшкерелендіКөлік полицейлері құны 370 млн теңгеден асатын ферроқорытпаны ұрлаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, көліктегі полиция департаментінің жан-жақты тергеуінің арқасында Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Семей және Аягөз станциялары арасындағы учаскеде жүк пойыздарынан бірнеше рет ферроқорытпа ұрлығын жасаған топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылған. Оның айтуынша, бұл жүк «Қазхром» ТҰК» АҚ құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі болған. Жүк Қытай арқылы Жапония мен Үндістанға жіберілгені анықталды.
«Компанияға келтірілген залал сомасы 370 млн теңгеден асты. Абай облысы Жарма аудандық сотының шешімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», деді полиция полковнигі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
22 тамыз 2024 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930