Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы өтті

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы өтті

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» III республикалық форумын өткізді. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл мектептерінде қызмет ететін 300-ден астам жас педагог бірегей алаңда бас қосты.
– Мұғалім – еліміздегі ресми мәртебесі белгіленген жалғыз мамандық, ол мұғалімнің ерекше миссиясын растайды, – деп атап өтті форумның ашылуында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин «Жас ұстаз» форумын NIS-тің ең үздік дәстүрлерінің біріне айналғанын ерекше атап өтті.
– Бала кімді жақсы көрсе, содан үйренеді. Сыныпқа кіргенде, алдарыңызда Қазақстанның болашағы тұрғанын үнемі есте сақтаңыздар, – деді ESEN Foundation және ANSA қорлары консорциумының өкілі Камила Башарова.
«Әр сабақты қалай ерекше етуге болады: менің тәжірибем» және⠀«EDUNEXT: болашақтағы цифрлық білім»шеберлік сағаттарыналғаш рет форум қатысушылары өздері жүргізіп, тәжірибе бөлісті.
Сондай-ақ шара барысында «Қанаттылар» инклюзивті театрының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі Арнұр Ысқақов, Шығыс Қазақстан облысы Құлынжон ауылындағы «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің» директоры Аралбек Берікұлы, душанбелік мектептің бас директоры Мехрон Ортиков, «Айчурек» Бішкек кыздар лицейінің директоры Эрлан Сатаров, NIS түлегі әрі білім беру сарапшысы Лаура Вайгорова мотиватор-көшбасшы ретінде жетістік құпияларын ортаға салды. Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен өткенашық әңгіме үшінші республикалық форумның ең жарқын сәтіне айналды.Еліміздің бас мұғалімінің сөйлеген сөзінің барлығын «Жас ұстаз» делегаттары түртіп алды. Ted Talks алаңында Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Эмин Аскеров жарты сағат ішінде форумның әрбір қатысушысын жеңіске жетуге ынталандырды. Эмин Аскеровтің бірегейлігі – ол Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті жүзеге асырып, мүмкіндігі шектеулі жандармен және қиын өмірлік жағдайға ұшыраған адамдармен тиімді бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгерген. «Ауыл мектебін дамытудағы mainstream», «Мен – эмпат мұғаліммін: оқу сәтті болғанда», «Жасанды интеллект: жаңа дәуірге жол ашамыз» шеберлік сағаттары мен тренингтерініңатауларының өзі-ақ ұстаздардың жоғары мотивациясын және педагогикалық жолдарының басында-ақ тек табысқа жетуді көздейтін мұғалімдердің жарқын ынтасын айқындап тұр. «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форуму ESEN Foundation және ANSA қорлары Концорциумы қолдауымен ұйымдастырылды.
19 тамыз 2024 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031