Аймақ басшысы «Наршоқы» ескерткішіне барды

Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар қайраткердің есімі Сыр бойында да жан-жақты ұлықталуда. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанында «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығы жұмыс жасайды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Мұстафа Шоқайға арнайы экспозициялық бұрыш жасақталып, қоладан құйылған шағын бюсті орналастырылған. Рахымжан Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында сахналануда. Бүгінгі күні облыста 2 мектепке, 14 көшеге тұлғаның есімі берілсе, 2 ескерткіші, 2 бюсті орнатылған (Қызылорда қаласында, Шиелі ауданында). Алаш зиялыларының есімін ұлықтаумен қатар, соңғы жылдары аймақтың мәдениет пен руханият саласында ауқымды жұмыстар, тың жобалар жүзеге асырылуда. Аймақ басшысы тарихи-мәдени ескерткіштердің маңызын өскелең ұрпаққа түсіндіру жауапкершілігі мол міндет екенін айтты. Сонымен қатар, ескерткішті күтіп ұстауға, тазалық жұмыстарын уақытылы жүргізуге қатысты тапсырмалар жүктеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі