Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарғын судан зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды 17 рет көрсетілді 1 мин оқу үшін

Қарғын судан зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды 17 рет көрсетілді 1 мин оқу үшін

Қарғын судан зардап шеккендерге 221 үй сатып алындыАқмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 221 үй сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұлынды ауданы Макинск қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарының бірі мемлекеттің қолдауының арқасында Иван  Ющенко баспаналы болды. 
«Мемлекетке көмек көрсеткені үшін рақмет. Үй берілді. Бізге өз үйімізді таңдауға мүмкіндік берді. Жарқын, таза, ұқыпты. Моншасы, бақшасы бар. Бүкіл отбасымның атынан бізді қиыншылықта қалдырмағаны үшін барлықтарыңызға ризашылышығымды білдіремін. Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевқа рақмет», деді Иван Ющенко.
Сонымен қатар өңірде 331 жеке тұрғын үй, оның ішінде 115-і Бұланды ауданында белсенді салынып жатыр. Жұмыстар ауданның төрт ауылы Журавлевка, Капитоновка, Иванковка және Вознесенкада жүргізіліп жатыр.  Жаңа үйлердің ауданы кемінде 80 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын портал арқылы (gov.kz) онлайн режимде бақылауға болады.
Оған қоса, Ақмола облысында 715 тұрғын үйде, оның 112-сі Бұланды ауданында жөндеу жұмыстары аяқталған. Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығы су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйді қалпына келтіру барысына күнделікті мониторинг және бақылау жүргізіп отыр.
16 тамыз 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031