Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Осындай тақырыппен аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы және "Ұлттық мұра" жобасы аясында Шиелі кентінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған отбасылармен кездесу кеші өткізілді. Әрбір отбасы - мемлекеттің қайнар көзі, татулық пен ынтымақтың тірегі. Отбасы мүшелері ыстық ықыласымен туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, өнегелі өмір жолдарын баяндады. Кездесуде әсерлі әңгімелер айтылып, ән мен күйден шашу шашылды. Халқымыздың ұлттық мұрасы, тілі, мәдениеті, өнері дәріптелді. Қатысушыларға "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова жылы лебізін білдіріп, "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының атынан арнайы Алғыс хатын табыстады. Бірнеше ұлт пен этностардан құралып, тағдыр туыстырып, дәстүрі мен салтын сақтап, тілін құрметтеп, тарихын түгендеп отырған отбасылардың да басты тілегі - бейбітшілік пен тұрақтылық. Ешқайсысының да киелі Шиеліден жырақ кеткісі жоқ. Әрбір шаңыраққа берекелі бірлік тіледік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

15 тамыз 2024 ж. 206 0