Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді

Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді

Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді2024 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны — 9 167,3 мың адам, деп хабарлайды Egemen.kz stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Оның 51,9% ерлер болса, 48,1% — әйелдер.
Жас санаттары бойынша жұмысшылардың ең көбі 35-44 жас тобына тиесілі — 2,5 млн астам адам.
Одан кейін 29-34 жас аралығындағы қызметкерлер, олардың саны 1,8 млн асады.
Қызметкерлердің жалпы санының 44%-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тағы 50%-ның техникалық немесе кәсіптік білімі бар.
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 76,2% жалдамалы жұмысшы болса, 23,8% — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Жалдамалы жұмысшылардың ең көбі Алматы қаласында байқалды, олардың саны 954,3 мыңға жетеді.
Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында өңірлер бөлінісіндегі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 374,5 мың адам (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 17,1%). Сонымен қатар 51,6 мың адам қашықтан жұмыс істейді. 452,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
Жұмыспен қамту деңгейі — 95,3 пайыз.

04 тамыз 2024 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031