Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелідегі жұмыссыздардың жалпы саны

Шиелідегі жұмыссыздардың жалпы саны

Қазіргі таңда еліміздегі басты мәселенің бірі –тұрғындарды жұмыспен қамту. Биыл Қазақстанда жұмыссыздар саны – 1,1 пайызға артып, 442,9 адамға жеткен депхабарлайды  7kun.kz 
2019 жылдың бірінші тоқсанының аяғында жұмыс күшінің саны 9,2 млн адамды құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артық (9 млн адам). Жұмыспен қамтылған халық өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (8,5 млн адам) 2,3% артып, 8,7 млн адамға жетті. Оның 76,4%-ы немесе 6,7 млн адам — жалдамалы қызметкерлер. Өз кезегінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық 2,1 млн адамды немесе халықтың жалпы санының 23,6%-ын құрады.  Ал Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жұмыссыздар саны қанша? Бұл жөнінде "Қарттарым – асыл қазынам" жиынында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді. 
Шиелі өңірінде 81 935 тұрғын тұрады. Олардың 46,7 пайызы яғни 39 552-і экономикалық белсенді халық. Бүгінге дейін 37 615 адам жұмыспен қамтылған, ал 1937 адам жұмыссыз. Айта кеткен жөн, жұмыс істейтіндердің 21 622-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
"Өскен өңір" ақпарат 
29 қыркүйек 2019 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031