Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бар күшімді салдым». Махмұд Сабырхан ұтылғанын мойындады

«Бар күшімді салдым». Махмұд Сабырхан ұтылғанын мойындады

«Бар күшімді салдым». Махмұд Сабырхан ұтылғанын мойындадыПарижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған Қазақстан боксшысы Махмұд Сабырхан кездесу аяқтала сала «qazsport» арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

57 келі салмақтағы Махмұд Сабырхан алғашқы айналымда Испанияның былғары қолғап шебері Хосе Кильес Бротонстан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
«Ұтылғанымды мойындау керек. Бірақ 1-раундта испаниялық спортшыға 5:0 ұпай беріп жіберді. Бірінші раунд бәрін құртып жіберді негізі. Бірінші раундта өзім жеңгендей болдым. Шынымды айтсам, 1-раундты алып тұрған едім. Екінші раундта да алдым ба десем, оны да беріп жіберді. Үшінші раундта еш нәрсе шешпейтінімді білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадық. Бар күшімді салдым», дейді боксшы.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – бес дүркін ел чемпионы, жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы және Жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ересектер арасындағы Азия чемпионатында, 2021 жылы әлем біріншілігінде де күміс жүлдені місе тұтқан болатын. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 54 келі салмақта әлем чемпионы атанды.


31 шілде 2024 ж. 80 0