Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға батып кететіндер көбеюіне не себеп?

Суға батып кететіндер көбеюіне не себеп?

Суға батып кететіндер көбеюіне не себеп?
Жыл басынан бері шомылу маусымында 250 адам құтқарылған, оның ішінде 63-і бала. Бұл туралы ТЖМ өкілі Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құтқарылғандардың көбі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған, олардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ақылбек Ахметжанов демалушыларға арналған бірқатар міндетті атады.
"Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз және олардың өздігінен шомылуына жол бермеңіз; тыйым салу белгілері орнатылған, жабдықталмаған жерлерде шомылуға немесе суға түсуге болмайды; жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз; қайықтардың жанында жүзбеңіз. Осы қарапайым ережелерді ұстану сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды", - деді комитеті төрағасының орынбасары.
Ведомство мәліметінше, демалушылар көбіне мына себептерге байланысты батып кетеді:
  • өз күштерін асыра бағалайды;
  • балаларды қараусыз қалдырады;
  • көбіне мас күйінде шомылады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда кейінгі 10 жылда 2 240 адам суға батып кеткені хабарланды. 
31 шілде 2024 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30