ШҚО-да 100 жастағы қарияға жаңа жеке куәлік алды

Полиция қызметкерлері оған Қазақстан Республикасының жаңа жеке куәлігін тапсырып, зор денсаулық тіледі. Елизавета Прядко көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерінің назары мен кәсібилігі үшін барлығына жылы лебізін білдірді.
"Біз Елизавета Прядкоға құжат алмасу бойынша өз көмегімізді көрсеткенімізге қуаныштымыз, өйткені мұндай жағдайлар күн сайын кездесе бермейді. Барлығымызға ұзақ өмір мен рух беріктігін тілеймін", – дейді инспектор Шырайлым Ерікова. Шығыс Қазақстан полициясының тарихында тәртіп сақшылары 100 жылдық межеден өткен 40-қа жуық азаматтың құжаттарын жаңартып бергенін айта кеткен жөн.