ҚАЛАДАҒЫ 130 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

- Е.Көшербаев көшесі қайта жаңғыртылды. Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі жаңадан жол құрылысы салынды. Сондай-ақ, 96 көшеге күрделі және 34 көшеге орташа жол жөндеу және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына жаңа жол құрылысын салу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланды. Биылғы жылы 54 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Сондай-ақ жарықтандыру жұмыстарына тиісті қаржы бөлініп, процесс басталды,- деді Серік Салауатұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі