Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар химия олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар химия олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар химия олимпиадасында 4 медаль жеңіп алдыСауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Біздің барлық оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді, оның екеуі — ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.  International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиадалардың қатарына кіреді. Біздің құрамамыз үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді, биылғы жылы  жас химиктеріміз қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.  Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы; Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы; Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы; Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.  Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов  және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.                              
Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттықтыру жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропалық және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтижелер көрсете білді. Жас химиктерімізді, жетекшілер мен жаттықтырушыларды, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды керемет жеңіспен құттықтаймыз! Анықтама үшін: Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ ақшалай сыйақы төленеді. Алтын медаль үшін 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК төленеді және оқушыларды дайындаған тәлімгерлеріне де марапат қарастырылған.
30 шілде 2024 ж. 119 0