Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстаулық оқушылар халықаралық олимпиадаларда ел намысын қорғады

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық олимпиадаларда ел намысын қорғады

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық олимпиадаларда ел намысын қорғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары - дарынды балалармен кездесті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне  хабарлағандай, облыс басшысымен кездесуге талантты оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. 
Химия және математика пәндерінен халықаралық дәрежедегі олимпиада биыл шілде айында өтіп, оған қатысқан облысымыздың “Білім-Инновация” лицей-интернатының бес бірдей шәкірті жеңімпаз атанды. Осло қаласында өткен 63-халықаралық математикалық олимпиадасына әлемнің 104 мемлекетінен 600 оқушы қатысты.
 Аталған олимпиадада «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Әділет Абу қола медальді жеңіп алды. 10-18 шілде аралығында Қытай халық республикасының Тяньцзинь қаласында өткен халықаралық химия олимпиадасында күміс медальді Ақтау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы Санжар Нұрғалиев иеленді. Сондай-ақ Ресейдің Якутск қаласында қашықтық форматында өткен математика, химия, физика және информатика пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасына қатысқан аталған оқу орнының 10-сынып оқушылары Әліби Мұғалім мен Әділжан Молдағұл күміс медаль және 8-сынып оқушысы Нұрқожа Омарбаев қола медальді иеленді. 
Нұрлан Ноғаев олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, бұл жеңісте ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің зор екенін атап өтті. 
 Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру деңгейін арттыру бойынша бақылауды күшейту, сондай-ақ дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сіздер осындай нәтижелерге үлкен еңбекпен қол жеткіздіңіздер. Болашақта сіздерді бұдан да биік белестерді бағындырады деп үміттенемін, - деді Нұрлан Ноғаев. 
Кездесуде жеңімпаз оқушының әжесі Нағима Нұрниязова білімді шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Кездесу соңында облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың мұғалімдері мен ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті.
https://baq.kz​​​
24 шілде 2022 ж. 365 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031