Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТУРКИЯ МЕН ДУБАЙДА ТОП ЖАРЫП, АЛТЫН КУБОКТЫ ИЕЛЕНДІ

ТУРКИЯ МЕН ДУБАЙДА ТОП ЖАРЫП, АЛТЫН КУБОКТЫ ИЕЛЕНДІ

Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Тоғжан Абдрахманова Туркия мен Дубайда математика және информатика бағытында өткен халықаралық олимпиадаларына қатысып, бірінші орын - «Алтын кубокты» иеленді.
Білектінің емес білімдінің заманы екенін дәлелдеп жүрген талапты шәкірт ең алдымен 23 наурыз күні Стамбул төрінде өткен әлемдік бәсекеде 4 таңбалы санды көбейту, бөлу, теңдеу шешуден жүйріктігін дәлелдеп, бас жүлдені иеленді. Мұнан соң, 28 наурыз күні Дубайда әлемнің түкпір-түкпірінен дарындылар қатысқан математика және информатика бағытында өткен білім бәсекесінде де Тоғжан бас жүлдені иеленіп, қос байқауда топ жарды.
Айта кетейік, Тоғжан былтыр Египетте өткен халықаралық олимпиадада топ жарып, күрделі есептерді жылдам шығарудан жеңімпаз атанған болатын. Сонымен қоса, Нұр-Сұлтан қаласында “BI University”-де өткен республикалық математика-арифметика олимпиадасында жеңімпаз атанып, 1 орын иеленген.
31 наурыз 2022 ж. 618 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 68

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031