Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Менделеев олимпиадасы: Қытайда қазақстандық оқушылар 9 медаль ұтып алды

Менделеев олимпиадасы: Қытайда қазақстандық оқушылар 9 медаль ұтып алды

Қытайда өткен химия пәнінен 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алдыдеп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Менделеев олимпиадасы: Қытайда қазақстандық оқушылар 9 медаль ұтып алды
 Оқу-ағарту министрлігі

Химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы шықты. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.
Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:
Алтын медаль - Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.
Күміс медаль - Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының "Білім-Инновация" лицей-интернатынан және Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен.
Қола медаль - Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Алихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі, Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты және Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.



27 сәуір 2024 ж. 261 0

Қоғам

АНА – МӘҢГІЛІК ШАМШЫРАҚ
15 наурыз 2025 ж. 63

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9286)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31