Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық оқушылар Кипрде өткен олимпиадада жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Кипрде өткен олимпиадада жеңіске жетті


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрама командасы Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынға ие болды, деп хабарлады БҒМ ресми сайты.


Кипрдегі Ларнака қаласында жасөспірімдер арасында 23-ші Балкан математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 17 ресми команда, оның ішінде Балкан аймағының 10 мемлекеті және 7 қонақ команда Әзірбайжан, Хорватия, Эквадор, Франция, Сауд Арабиясы, Нигерия және Қазақстан командалары бар, жалпы саны 112 оқушы қатысты. Олимпиаданы Кипр Республикасының математиктер одағы ұйымдастырды.
Қазақстан құрама командасы бірнеше жыл бойы осы олимпиадаға қонақ-команда ретінде қатысып келеді. Қазақстан құрама командасы Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынды иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. 
"Команда құрама командасына кірген қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді: Мырзатаев Айбек - алтын медаль,Тен Юрий - алтын медаль, Раушанов Марлен - күміс медаль, Сакенов Батырхан - күміс медаль, Қалдыбек Ерасыл - күміс медаль, Абдикаримов Бексултан - қола медаль", - делінген таратылған ақпаратта.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы геометриядан есептерді шешудегі үздіктердің қатарынан табылғанын атап өткен жөн.
28 маусым 2019 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (8733)

22 қазан 2019 ж.

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам