Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда пластикалық бөтелке өндірісі қолға алынды

Қазалыда пластикалық бөтелке өндірісі қолға алынды

Қазалылық кәсіпкер Орынбасар Бақбергенұлы 2021 жылдан бастап Қызылорда қаласында пластикалық бөтелке шығаратын жеке кәсіпкерден дайын плсатикалық бөтелкелерді алып, сатып алу-сату саудасымен айналысып келген.
2023 жылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы аясында осы кәсіпті ауданымызда жүзеге асыруды жоспарлап, қажетті құрал-жабдықтарды алуға «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді. Осылайша Орынбасар Бақбергенұлы пластикалық бөтелкені шығаруға қажетті құрал-жабдықтарын Алматы қаласынан алдыртып, бүгінде өзінің жаңадан бой көтерген ғимаратында ең бірінші сүт өнімдеріне арналған 0.5, 1 және 1.5 литр, ерекше дизайнда, құты қақпағы брондалып жабылатын пластикалық құтыларды шығаруда. Негізгі тұтынушылары: Қазалы, Арал ауданы, Сексеуіл және Төретам кенті. Аймағымызда осындай өндіріс орынына айналдыру бағытында еңбек етіп жатқан әрбір жергілікті өнім өндірушілерімізге қолддау көрсетіп, кәсіптерінің берекелі болуына тілектестік білдіреміз.
30 шілде 2024 ж. 82 0