Көз, көкірек, құлақ: Қазақстанда пластикалық отаның қай түрін көп жасатады?
Қауіптілігі мен қаншама өлім оқиғалары болғанына қарамыстан қазақстандықтар сұлулық үшін пышақтың астына түсуге дайын. Соңғы уақытта пластикалық отаға деген сұраныс артқан. Ел тұрғындары әдемі көріну үшін қанша қаржысын шашуға дайын екенін 31 арна тілшілері зерттеп көрді.
Дереккөз мәліметіне сүйенсек, соңғы кездері қазақстандықтар қабақтарын жөндетуге көбірек құмартатын болған. Бұл процедура 150 мың теңге тұрады екен.
Хирург мамандарға отаның бұл түрін жасату үшін әйелдер ғана емес, ер азаматтар да жиі жүгінетін болып шықты.
Қазақстандықтар көп шешілетін оталар тізімінде екінші орнынға маммопластика шыққан. Көкірегін бірнеше өлшемге үлкейту үшін кем дегенде 750 мың теңге төлеуге тура келеді.
Оған қоса пластикалық хирургтарға аяқтарын түзу еткісі келетіндер де жиі келетін болып шықты. Аталмыш отаның құны шамамен 600 мың теңге дейді дәрігерлер.
Сондай-ақ, отандастарымыз үшін 100 мың теңге төлеп, құлақтың пішінін өзгертіп алу да қиындық туғызбайтын болған.
kaz.nur.kz