Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Асламбек МерғалиевМемлекет басшысы жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді. Президентке сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндалды. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.
30 шілде 2024 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31