Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

photo output 2

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Мемлекет басшысына өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындысы туралы мәлімет берілді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты. Сонымен қатар Президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды. Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.

Мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігіне және әділ сот жүйесіне сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударды.
03 шілде 2023 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930