Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда селфи жасамақ болған бойжеткен биіктен құлап кетті

Түркістанда селфи жасамақ болған бойжеткен биіктен құлап кетті

Түркістанда селфи жасамақ болған бойжеткен биіктен құлап кеттіТүркістан облысының 16 жастағы тұрғыны селфи жасамақ болып, таудың өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz


Құтқарушылар екі күннен бері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Сайрам-су өзенінің арнасында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жүр.  Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 37 қызметкер, бір қайық пен төрт бірлік техника, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен алты қызметкер мен үш бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.
Түркістан облысы ТЖД жедел-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне 28 шілде күні сағат 10:41-де хабарлама келіп түсті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны суретке түспек болған кезде тайып кетіп, теңгерімде тұрған кертпеден құлап кеткен. Қатты ағыс салдарынан тастардың арасында қалып, шыға алмай қалған.
Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

30 шілде 2024 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031