«Оңай қарсылас жоқ»: Мырзағали Айтжанов жеребеге қатысты пікір білдірді
Күні кеше қазақ боксшыларының Париж олимпиадасындағы алғашқы қарсыластарын анықтаған ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Жеребе қорытындысына сәйкес, бокс сүйер қауым қазақтың былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары қарымды екенін айтып жатыр. Осыған байланысты бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пікірін бөлісті.
«Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Біз бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз», деді бас бапкер. Боксшыларымыздың бірінші айналымдағы қарсыластарының аты-жөні, қай елдің өкілі екенін бұған дейін хабарлаған едік.