Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СҚО-да 5 359 азамат жауапкершілікке тартылды

СҚО-да 5 359 азамат жауапкершілікке тартылды

СҚО-да 5 359 азамат жауапкершілікке тартылдыСҚО-да ҚР аумағында құжатсыз немесе тіркеусіз тұрып келген 5 359 азамат жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Шекараға жақын Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон жағдайын бақылау полиция департаменті жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Полицейлер шетелдік азаматтардың жиналатын орындарын, құрылыс нысандарын және басқа да орындарды үнемі тексеріп отырады.

«Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында заңсыз еңбекпен айналысу фактісін анықтады. Салынып жатқан объектіде еңбектеніп жүрген Өзбекстан Республикасының бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Нәтижесінде шетелдіктерді де, олардың жұмыс берушілерін де әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Сот шешімімен шетелдік бес азаматтың барлығы Қазақстан Республикасынан шығарылды», - делінген хабарламада.

22 шілде 2024 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30