Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Астана халықаралық әуежайы Милан мен Қазақстан астанасын байланыстыратын NEOS-тың жаңа рейсін қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

13 шілдеде Италияның Қазақстандағы елшісі Альберти Марконың, сондай-ақ ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Әділет Майбасарұлы Көбеновтың қатысуымен Милан-Астана рейсінің ресми ашылуы салтанатты түрде өтті, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

- NEOS авиакомпаниясының рейстері Boeing 787 Dreamliner ұшағында орындалады. Бұл жолаушыларға Миланнан Қазақстанның астанасына және кері бағытқа жылдам әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды әуежай.

Шара қонақтары екі астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы және көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсер етеді.
14 шілде 2024 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30