Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат депутаты: Бұл – халық көптен күткен заң

Сенат депутаты: Бұл – халық көптен күткен заң

Сенат депутаты: Бұл – халық көптен күткен заңБүгін Президент ойын бизнесі мен лотерея қызметі мәселелеріне қатысты заңға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Ләззат Қалтаева желіде пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz

Депутаттың пікірінше, бұл - халық көптен күткен заң. Мемлекет басшысы лудоманияны ең қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі деп атады.
«Кейбір деректер бойынша, Қазақстанның 400 мыңға жуық азаматы құмар ойын ойнап, букмекерлік кеңселерге жиі барады. Бұдан қоғамға келіп жатқан залал көп: отбасылар ажырасып жатыр, кейбіреулер ірі қарыздарға кіргеннен кейін қылмыс жасайды немесе өзін өлтіруге бел буады. Президент атап өткендей, азаматтар онлайн казинолардың және букмекерлік кеңселердің сайттарына кедергісіз қол жеткізе бастады», деп жазды депутат.
Сенатор атап өткендей, бұл кеселге ерекше назар аудару – басты талап. Еске салайық, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуға тыйым салынатын адамдардың тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқаратын тұлғалардың қатысуы шектелген. Мемлекеттік қызметшілер, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысқаны үшін әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. жұмыстан шығарылуы мүмкін.
08 шілде 2024 ж. 107 0