Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 132 мың адам құмар ойындардан бас тартты

Қазақстанда 132 мың адам құмар ойындардан бас тартты

Туризм және спорт министрлігі 132 мың Қазақстан азаматы eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда 132 мың адам құмар ойындардан бас тартты
Фото: Алатау арайы

Ведомствоның мәліметінше бұл қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.
Еске сала кетейік, 18 наурыздан бастап азаматтарға құмар ойындарға қатысуын 6 айдан бір жылға дейін өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн сервис жұмыс істейді.
Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қатысты екені атап өтілді.

«Сақ болыңыз! Өзін шектеу заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге қолданылмайды. Заңсыз ойын ресурстарына барудан аулақ болыңыз», делінген министрлік хабарламасында.

Маусым айының соңында Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құмар ойындарға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланды.
04 шілде 2024 ж. 396 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930