Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «BI GROUP» LTD компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесіп, өңірде салынатын инновациялық шығармашылық орталығының құрылыс жұмыстарын талқылады.
Аймақ басшысы Сыр өңірінде осындай орталық салудың маңыздылығын атап өтіп, жобаны іске асыру барысына сәттілік тіледі.
«Құрметті Бауыржан Абдрашитұлы, сіздерге еншілес «BI Global» компаниясы инновациялық шығармашылық орталығының құрылысын бастады. Нысан сапалы салынып, мерзімінде ел игілігіне пайдалануға берілгенде, жас ұрпақтың болашағы жолындағы тағы бір игілікті іс тындырылады. Сыр өңіріне келген сапарларыңыз сәтті болсын! Бірлескен жобаларымыз, жаңа нысандар Қызылорда қаласының келбетін көріктендіре түспек», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революциялар адамзаттың өмірін өзгертуде. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа өмірге тез бейімделуі қажет. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативті әлеуетін дамытумен айналысады, сандық технологиялар мен нақты ғылымдарға үйретеді», – дей келе, Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуының кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде екенін айтты. Бұл үшін осы саланың дамуына жаңа, қуатты серпін беру маңызды.
Айта кетейік, соңғы екі жылда мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың арқасында Қызылорда облысында құрылыс ерекше қарқын алды. Өткен жылдың қорытындысына зер салсақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 183,4 млрд.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 140,4 пайызға орындалып, өңір республикадағы алдыңғы қатарға тұрақтады. Былтыр 177 жобаның құрылысына 87,1 млрд. теңге бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе өскен. Осы жылы 178 жобаны жүзеге асыруға 124,1 млрд. теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда, білім беру саласында 33, денсаулық сақтау саласында 23, мәдениет саласында 7, спорт саласында 15, халыққа қызмет көрсету саласында 3 нысан салынбақ. Сонымен бірге 26 тұрғын үй тұрғызылып, 71 инфрақұрылым тарту жобасы жүзеге асады, 1336 пәтер сатып алынады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 маусым 2024 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031