Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫ: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ОТЫРҒАН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫ: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ОТЫРҒАН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов арнайы Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Премьер-Министрдің кеңесшісі аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге бірқатар жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен кәсібін бастаған тұрғындардың жұмысымен танысып, кәсіпорын иелерінің ұсыныстарын тыңдады.
Алдымен, Ералы Тоғжанов Шиелі кентінде орналасқан «Шиелі құс еті» кәсіпорнына барды. Құс өсіруші Құрманбаева Гүлзада ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 27,8 млн теңгеге жеңілдетілген қарыз алған.
Бүгінгі таңда 3 құс үйі орнатылып, онда 4500 дана тауық бар. Сонымен қатар, ауданды тауық етімен тиімді бағада қамтамасыз етіп отыр. Ол «Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға және нарықты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге серпін беретініне сенімді.
Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов тәулігіне өндірістік қуаты 2000 дана шлакоблок шығаратын цехтың жұмысын көрді. Қазіргі таңда аудан орталығында тиімді бағада нарыққа шығарылуда.
Премьер-министрдің кеңесшісі өңірдегі жұмыстарды оң бағалап, жобаны жалғастыруды, үздік тәжірибелерді батыл енгізуді тапсырды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 маусым 2024 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031