Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жетті

Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жетті

Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жеттіМеккеге қажылық сапармен барған 557 адам көз жұмды. Сауд Арабиясындағы қазіргі ауа температурасы 50 градус ыстыққа жетті, деп жазады Egemen.kz.

Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі егде жастағылар. Dw.com ақпарттық порталының мәліметінше, Меккеде зардап шеккендер саны бұл көрсеткіштен де көп болуы ықтимал. Қажылыққа барып қаза тапқандардың ішінде 323 Мысыр азаматы болған.  Құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы да бар. Ал Иордания мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі 41 қажыны Меккеде жерлеуге рұқсат етілгенін хабарлады. 
IRNA ақпарат агенттігі көз жұмғандардың арасында 11 Иран азаматы бар екенін, сондай-ақ тағы 24  азамат ауруханаға түскенін жазды.  Аптап ыстықтан 3 Сенегал, 144 Индонезия азаматы бақилық болды. Айта кетейік, бұған дейін Меккеде 6 Иордания азаматы қайтыс болған еді. 
19 маусым 2024 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031