Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар сұралады?

Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар сұралады?

Оқу-ағарту министрлігі бүгінге дейін 1-сыныпқа қабылдау үшін 240 мыңнан астам өтінім келіп түскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар сұралады?
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп табалдырығын аттайтын оқушылардың ата-анасынан өтінімдер 1 сәуірден бастап қабылдана бастады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
«Бүгінгі таңда 242 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша ең көп өтінім Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларында тіркеліп отыр», делінген Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің хабарламасында.
Ата-ана балаларының құжаттарын еgov.kz  электронды үкіметінің веб-порталы арқылы бере алады.
Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін сұралатын құжаттар: 
1) Ата-анасының немесе заңды өкілдің өтініші;
2) 065/е нысанындағы «Профилактикалық екпелер картасы» және №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы картасы» медициналық құжаттары;
3) Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында қабылданады. Министрлік дерегінше, биыл 370 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қадам басады. 
10 маусым 2024 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9280)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (9279)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (9278)

11 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728