Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Жаңа оқу жылында 17 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Қызылорда: Жаңа оқу жылында 17 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады



1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасатын болады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді. 

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата – анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге  №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. 
Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады, –деді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің бас маманы Қарлығаш Әнуарова.
Айта кетейік, облыс бойынша алдағы жаңа оқу жылында 17 543 қызылордалық бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.
02 сәуір 2023 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31