Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жұрт жаппай кетіп жатыр»: Қызылорда облысында 843,4 мың адам қалған

«Жұрт жаппай кетіп жатыр»: Қызылорда облысында 843,4 мың адам қалған

Ұлттық статистика бюросы аталған облысқа қатысты дабыл қағарлық деректер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жұрт жаппай кетіп жатыр»: Қызылорда облысында 843,4 мың адам қалған
Фото: gov.kz

2024 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қызылорда облысында небәрі 843,4 мың адам қалған, қалалықтар – 396,3 мың (47%), ауылдықтар – 447,1 мың адам (53%).
Облыстан жұрт жаппай кетіп жатқанға ұқсайды және аталған үрдіс соңғы жылдары белең алған.
«Қызылорда облысында көші-қонның теріс айырмасы қалыптасты: 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өңірден қоныс аударғандар саны көшіп келгендерден 2 216 адамға асып түсті, 2023 жылғы қаңтар-наурызда бұл көрсеткіш 924 адамды құраған еді», деп хабарлады Ұлттық статистикалық бюро.
2024 жылғы қаңтар-наурызда облыста 4 772 сәби ғана дүние есігін ашқан, сөйтіп 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 2,2% кеміді.
Қызылордалықтардың өлім-жітімі көбейген. Биыл үш айда қайтыс болғандар саны 1 102 адамды құраған және 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,4%-ға көп.
inbusiness.kz сайтында ҰСБ аталған өңірге қатысты «азайды» деген сөзді біраз қолданғанын жазған.
07 маусым 2024 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031