Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралдағы әк зауытында жұмысшы көз жұмды

Оралдағы әк зауытында жұмысшы көз жұмды

Оралдағы әк зауытында жазатайым оқиға болып, жұмысшы көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
27 мамыр түні сағат 02:45-те вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. 20 минутта ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген 1973 жылы туған ер адам аман қалмады.

«ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес, 28 мамыр күні жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторы оқиға орнына барып, фото-видео фиксация жасады. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды», деп мәлімдеді БҚО еңбек инспекциясы басқармасы.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
03 маусым 2024 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930