Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тергеу жүргізілуде: Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды

Тергеу жүргізілуде: Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды


Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды. Полицейлер жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазан күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласы Ж.Махамбетов ауылының тұсында Самара – Шымкент автомагистральды тас жолында белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні SCANIA жүк автокөлігі қаққан. Салдарынан 32 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  Қызылорда облысының полицейлері жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жолда барынша сақ болуды ескертеді.
07 қараша 2023 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930