Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 4 адамды қағып өлтірді

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 4 адамды қағып өлтірді



Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кетті.

8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қаққан.
Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Тағы екі адам ауруханада жатыр.
Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.
Қазір оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.
Жүргізуші уақытша изоляторға қамалды.
09 сәуір 2023 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031