Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «125 млн теңге ерекше балаларға»: Астанада қайырымдылық марафоны өтті

«125 млн теңге ерекше балаларға»: Астанада қайырымдылық марафоны өтті

«125 млн теңге ерекше балаларға»: Астанада қайырымдылық марафоны өтті1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Триатлон саябағында «Charity Samruk Marathon – 2024» қайырымдылық марафоны өтті. Жиналған қаражат ерекше балалардың еміне аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұқаралық жүгіруге қатысқан 1200-ден астам әуесқой спортшылардың көбі – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері.   Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтық бойынша өтті.  Бұдан бөлек, 400 метрлік және 1 шақырымдық жарысқа 6 жастан асқан 200-ден астам бала қатысты.

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты насихаттаумен шектелмейді. Ең бастысы, біз әлеуметтік жобаларды, соның ішінде ерекше балаларды қолдауға арналған жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын 120 млн теңгеден астам қаражат жинадық. Қаражат жинастыру  жалғастырылып жатыр. Балаларға қолдау көрсету арқылы бұқаралық жүгіруге әлеуметтік мән беріп отырмыз. Бүгінгі марафон келешек ұрпақтың қамын ойлайтын саналы отандастарымыздың басын қосқанына қуаныштымын», деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Іс-шарадан жиналған шамамен 125 млн теңгеден астам қаражат – «Самұрық-Қазына» АҚ – «Samruk-Kazyna Trust» компаниялар тобының қайырымдылық қорына әлеуметтік жобаларды іске асыруға аударылады.







01 маусым 2024 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930