Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді

Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді


Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілдіҒылым-білім беру орталықтары арасындағы өзара байланысты арттыру мақсатында Алматыға келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.

Кездесуге Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков қатысып, екі елдің арасындағы ғылыми және білім беру қарым-қатынастарын дамытуға үлкен әсер ететін негізгі бағыттарды дамытудың маңызына тоқталды.
KazNARU Басқарма төрағасы-ректор, ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болып табылатынын және «Бір белдеу – бір жол» бастамаларын қолдайтынын, онда көрші елдер түрлі бағыттар бойынша, оның ішінде аграрлық салада жемісті ынтымақтасатынын атап өтті.
«KazNARU өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда жетекші рөл атқарады және АӨК саласында терең өңдеу, су ресурстарын тиімді басқару, өңірлік азық-түлік қауіпсіздігі, климаттық өзгерістердің салдарымен күресу бойынша көптеген ауқымды ғылыми жобаларды іске асырады. Бүгінгі таңда KazNARU ҚХР - дың 20-дан астам жетекші университеттерімен білім беру бағдарламалары мен бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру бойынша шарттарға қол қойды. Оның ішінде біздің серіктестеріміз: Қытай аграрлық университеті (Пекин), қытайлық Dayu Irrigation Group компаниясы, Ланжоу университеті, Хэнань ауылшаруашылық университеті, Сычуань ауылшаруашылық академиясы, Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті, Ланьчжоу ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты бар», деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.
Қытайдың ауылшаруашылығын дамытудағы тәжірибелік жетістіктерін пайдалана отырып, қытай технологиясын енгізу арқылы экологиялық таза өнім алуға, оны экспорттауға арналған бірлескен Технопарк құрумен қатар  ҚХР жоғары білім беру саласындағы жетекші оқу орны – Қытай аграрлық университетінің (САU) KazNARU базасында филалын құру. Ректор аталған филиалдың ашылуы екі елдің ғалымдарына АӨК өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.  
Бүгінде аспан асты елімен Қазақстандағы суды үнемдеу, су ресурстарын цифрлық басқару басқару бойынша ауқымды (Мега грант) жобасын бірлесе жасау өте өзекті. Су ресурстарын тиімдірек басқару үшін заманауи тәсілдер мен цифрландыруды дамытудың қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстан аумағында және оған іргелес өңірлерде су тасқынын ұзақ мерзімді болжаудағы өзекті мәселелер бар.
Сонымен қатар ветеринария ғылымы саласында білікті кадрларды бірлесе дайындау, ветеринария ғылымы бойынша қазақ-қытай бірлескен халықаралық жобаларын бастау, университет базасында «Ветеринариялық ғылыми зертхана» мен «Қазақ-Қытай Ақылды ауылшаруашылық орталығын» құру, екі ел арасындағы озық университеттер арасында ынтымақтсатықты дамыту сияқты көптеген мәселелер қарастырылды.
Өз кезегінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Лю Гочжун Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті, сондай-ақ екі ел арасындағы ғылым және білім беру байланыстарын тереңдетудің тиімді тетіктерін бірлесе іздеуді және іске асыруды жеделдетуге ниет білдірді.
Осы кездесу барысында халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов  жусан тозаңынан туындаған аллергиялық ринит пен өкпе демікпесінің иммунотерапиясына арналған бірегей PollenVax вакцинасын таныстырды.
Қытай делегациясы KazNARU ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысып, алдағы уақытта әріптестікті дамытуға қызығушылық білдірді.

АЛМАТЫ
19 мамыр 2024 ж. 165 0